Ақын-жазушылар 100 мың теңгеден сыйақы алды
Бүгін Архимед Мұхамбетов бір топ Қазақстан Жазушылар Одағының Ақтөбе облысындағы мүшелерімен жүздесті. Басқосуды облыс әкімі шығармашылық шабыт тілеуден бастады. Тағы қажырлы қызметтері үшін алғыс хат пен 100 мың теңгені ақындар Амантай Өтегенов, Гүлсамал Аймаханова, Кәрім Айнабеков, Ертай Ашықбаев, Мейірхан Ақдәулетов, Бауыржан Бабажанұлы, Жақсылық Айжановтарға табыстады. Олардың арасынан қаламы қарымды жас буынды көре алмадық. Бұдан басқа сықақшы Төрежан Мәндібаев пен жазушы Тынымбай Қарин де ақшалай сыйақы алды. Киелі Ақтөбе өңірі де қиырға шарлатып, қияға самғататын ақиық ақын-жазушыларға бай өлке. Жырау Нұрпейіс Байғанин, Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев, Жиенғали Тілепбергенов, Сағи Жиенбаев, Өтежан Нұрғалиев, Тобық Жармағанбетов, Есенбай Дүйсенбаевтардың кіндік қаны тамған жер. Кездесу соңында сөз алған ақын-жазушылар мен журналистер тілек-ұсыныстарын білдірді. 24-ші қыркүйекте Алматы қаласында өтетін қазақ қаламгерлерінің құрылтайына облыс атынан 10 ақын-жазушы қатыспақ. Олардың іссапар шығынын облыс әкімдігі көтергелі отыр. |
Количество показов: 4448
Дата создания: 17.09.2012 19:39:32