Ақтөбенің экологиясы қашан жақсарады?
Облыс аумағында өткен жылы эклологиялық талаптарға қатысты 45 тексеріс жүргізіпті. 400 ден астам тәртіп бұзушылық анықталып, 191 әкімшілік айыппұл тағайындалған. Айыппұлдың жалпы көлемі 133 млн теңгеден асады. Ал жыл басынан бері оннан астам тексеру жүргізген экологтар жарты жылдың ішінде тағы да 130 дан астам кемшілік анықтаған. Экологиялық ахуалды жақсартуға арналған "Жол картасы" бағдарламасы аясында өңірдегі мұнай газ өндіруші компаниялар бақылауда. Өндіріс ошақтарының санын қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр,- дейді табиғат қорғаушылары.Өткен жылы қала маңындағы қоқыс полигоны жаңартыған болатын. Мұның өзі департамент тарапынан атқарылған ауқымды жұмыс болды. Бұл салада тәртіп орнап, қоршаған ортаға келетін залал біршама төмендеді,- дейді экологтар.
Количество показов: 355
Дата создания: 18.07.2024 05:43:08