Ақтөбені көк шаң басты
Қар еріп, жер құрғап, қар астында қалған қоқыстар қаланың сиқын кетіріп тұр. Әр жерде желмен ұшқан қоқыс қалдықтары. Мұндай жағдай табиғатты ластап, экологияға да кері әсерін тигізері сөзсіз. Үйлердің алдындағы қоқыс жәшіктерін уақытында тазалап тұрмаса, қолаңса иіс шығып, тұрғындар терезелерін ашуға да мұң болады,- дейді. Ақтөбеліктердің шаһарымыздың санитарлық жағдайына қатысты пікірін білдік. Тазалық ауладан басталады. Әр тұрғын өзі тұрып жатқан жерін әрдайым тазартып отырса игі. Тұрмыстық қалдықтар уақытылы шығарылуы тиіс. Себебі қалдықтардың жинақталып қалуы және стихиялық қоқыстардың пайда болуы экологиямызға зиян. Статистикаға жүгінсек, елімізде жылына 4,5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық пайда болады. Бұл қалдықтардың бір бөлігі қайта өңдеуге жіберілсе, қалғаны жарамсыз. Қоршаған ортаға зиянын тигізуде.Количество показов: 304
Дата создания: 11.04.2024 05:44:20