Ақтөбені агломерациялық орталықа айналдыру жобасы талқыланды
Ақтөбе - елдің индустриялды-дамыған өңіріне жататынын өңірлердің бірі. Республикамыздың өндірістік өнеркәсібінде облыстың үлес салмағы 7,6 пайызды құрайды. Осыны ескеріп, алдағы уақытта көлік-логистикалық орталықтың жұмысын жандандырып, халықаралық деңгейде қызмет көрсететін медициналық орталықтар салу қажет. Бұл туралы бүгін облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өңірлік даму министріне баяндады. Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған "Изет Гринхаус" жылыжайын аралап көрді. Ақтөбелік агроөнеркәсіп нысандарының өкілдерімен кездесіп, көрмені тамашалады. Ақтөбе өндірістік салаға басымдық берген өңір екенін айтқан премьер-министрдің бірінші орынбасары өзге салалардың да дамуына көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Мысалы, ауыл шаруашылығы ақсамауы тиіс. Агломерация - гректің сөзі. Жинақтау, қосу деген мағынаны білдіреді. Қазір Үкіметтің жүктеп отырған міндеті- Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Ақтөбені агломерациялық орталыққа айналдыру. Ол үшін қоныстандыруды жүйелендіріп, индустрия және агроөндірістік кешендерін, туризмді дамытуға мән берген жөн. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, өңірлік агломерациялық аумақ бес ауданды қамтиды: Алға, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау аудандары. Бұған қоса 31 елді мекеннің және шағын қалалардың үстімен өтеді. Орталығы-Ақтөбе қаласы болып белгіленді. ҚР өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев агломерациялық дамуға Үкімет барынша қолдау көрсетіп, жүйелі түрде реттеп отырғандығын айтты. Ал облыс басшылары соның орындалуына, бағдарлама аясында жаңа өндіріс ошақтарының, жұмыс орындарының ашылуына мән беруі керектігін ескертті. |
Количество показов: 2120
Дата создания: 06.08.2013 19:20:16