Ақтөбеліктерден экстремистік мәтінді мәліметтер тәркіленді
Бүгін қалалық сотта экстремистік ағымды насихаттайтын аудиофайлдар мен әдебиеттерді пайдаланған облыс тұрғындарына қатысты шешім шығарылды. Ел аумағында теріс діни ағымдарды насихаттауға жол беруі мүмкін төрт жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Желілік ішкі істер бөліміндегі тәртіп сақшыларының назарына төрт жігіт қаңтар, ақпан айларында іліккен. Жай ғана сәйкестік пе, әлде, жоспарлы сапар ма, әртүрлі уақытта болғанымен, жігіттердің барлығы да "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында ұсталады. Тексеру барысында Батыс аймақтық көлік прокуратурасының қызметкерлері жігіттерден қазақ, орыс және араб тілдерінде діни әдебиеттерді тапқан. 20 мен 31 жастың аралығындағы төрт азаматтың арасында Шалқар мен Хромтау ауданының тұрғындары да бар. |
Количество показов: 2021
Дата создания: 20.03.2013 19:35:26