Ақтөбеліктердің қарызы 228 млн теңгеден асты
Прокурорлардың айтуынша, коммуналдық қызмет түрлері үшін қарызы қордаланып қалғандар да жеткілікті. Мәселен, шара барысында жарық пен жылу, көгілдір отын үшін қарызы бар тұрғындар анықталған. Мамандар заң бұзушылықты орталықтандырылған мәліметтер базасынан қарайды. Ал кез келген тұрғын өзіне қатысты айыппұл жайындағы мәліметті Әділет министрлігінің сайтынан біле алады. Прокурорлардың айтуынша, қазір ақтөбеліктердің қарызы 228 млн.теңгеден асады. Дені-жол жүру ережесін бұзғандардың бережағы. Прокурорлар қала тұрғындарына айыппұлды дер кезінде төлеуді ескертеді. Өйтпеген жағдайда, қарызы бар адамның мүлкі тұтқындалып, автокөліктері тәркіленеді. Жалақыдан өндіру, қылмыстық қудалау шаралары да жүргізіледі.
Количество показов: 1358
Дата создания: 03.04.2017 18:52:34