Ақтөбеліктер қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.Қуғын-сүргінді шамамен 100 мыңға жуық қазақ бастан кешкен. 20 мыңдайы атылған. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сынды ұлт зиялылары бар. Ел басына күн туған қиын кездердің өзінде біздің ата-бабаларымыз сол тұстағы саясаттың салдарынан өздерінің туған елдерінен, туған жерлерінен күштеп көшірілген — орыстарды, немістерді, поляктарды, украиндарды, шешендер мен басқа да ұлттардың өкілдерін жатсынбай, бәрін бірдей бауырына басқан.Бүгінде қазақ жері бейбітшіліктің бесігіне айналды. Кең-байтақ елімізде түрлі ұлт өкілдері шат-шадыман, берекелі тірлік кешуде. Біздің басты байлығымыз— бірлігіміз.
Количество показов: 284
Дата создания: 01.06.2024 07:16:17