"Адал көмек" жобасы онлайн түрде жалғасын таппақ. Қала тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беретін жоба ақпан айынан бастап жүйелі жұмыс жасап келеді. "Антикор" орталығының жанынан құрылған топ құрамында тәжірибелі медиаторлар мен жоғары оқу орындарында заң факультетінде білім алушы студенттер бар. Тегін кеңес берушілер тобы қазір әлеуметтік желілер арқылы алимент өндіру, қаржы пирамидасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, банк төлемдеріне қатысты сұрақтарға жауап беруде. Жыл басынан бері "Адал көмек" жобасы арқылы жүзден аса ақтөбелік заңгерлік кеңес алған. Келушілер әсіресе алимент өндіру, банк аударымдары, қаржы пирамидасы, тұтынушы құқығына қатысты кеңестер сұраған. Мәселен жол-көлік оқиғасына түсіп, өзі кінәсіз болса да екінші тараппен келісімге келе алмаған қала тұрғыны "Адал көмек" жобасы аясында бірнеше рет тегін кеңес алған. Медиаторлар қос тараптың татуласуына жағдай жасап, зардап шегушіге келтірілген шығынды өндіріп берген. Өткен үш айда 65 ақтөбелік сұрақтарына тиісті жауаптарын алған.
Жобаны тәжірибелі медиаторлар мен жоғары оқу орындарында заң факультетінде білім алушы студенттер жүзеге асырып жатыр. Жастар қосымша "Қорғау" заңгерлік кеңес кеңсесінде тәжірибелі мамандардан білім алады. Шаһар тұрғындары тарапынан үлкен сұранысқа ие болған жоба қазір жұмысын онлайн түрде жалғастыруда. Тегін кеңес берушілер тобы күнделікті әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығады. Наурыз айының соңынан бері өткен сегіз тікелей эфирде 500-ге жуық ақтөбелік сұрақтарына нақты жауап алған. Алда "Адал көмек" жобасы "ыстық желі" қызметін іске қоспақ.
Количество показов: 1190
Дата создания: 16.04.2020 18:25:41
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>