Ақтөбеліктер сайлауға белсенді атсалысты
Комиссия мүшелері мен бақылаушылар да санитарлық талаптарды бұлжытпай орындады. Кешегі сайлау науқанының қоғамдағы алар орны ерекше. Қала бойынша 162 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Халық та дауыс беруде белсенділік танытты. Еліміздің болашағы үшін өткен саяси шара қала тұрғындарын да бей-жай қалдырған жоқ. Қарапайым қала тұрғындары сайланған депутаттар елмен етене араласып, қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуы тиіс деп есептейді. Орталық сайлау комиссиясы алдын ала таратқан ақпаратқа сәйкес, ақтөбеліктердің 16,64 пайызы «Қазақстан Халық партиясына» дауыс берген. «Nur Otan» партиясы облысымызда – 64,84, «Ауыл» – 1,82, «Ақ жол» – 12,60, «ADAL» 4,10 пайыз дауысқа ие болды.
Количество показов: 682
Дата создания: 11.01.2021 20:19:10