Ақтөбеліктер "Паллада" дүкенінде болған атыстан қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды
"Паллада" дүкені Ә.Молдағұлова даңғылындағы №12-ші көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. 68 жастағы Николай Онищенко жұбайымен осы үйде 30 жыл тұрған. 5-маусым күні тапа-тал түсте "Паллада" дүкеніне қылмыскерлер қарақшылық шабуыл жасағанда ол сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан болатын. Атыс кезінде жазықсыз жан берді. Бүгін Николай Онищенконы ақтық сапарға туған-туыстары мен көршілері шығарып салды. Көзі тірісінде білген жұрт былай деп еске алады марқұмды. Николай Онищенко 69 жасына бір күн қалғанда көз жұмды. Жұбайымен отасқандарына да 45 жыл болған. Бір ұл тәрбиелеп өсірген. Дәнекерлеуші болып жұмыс істепті. Бүгін ақтөбеліктер Андрей Максименконы де жер қойнына тапсырды. Тірі болғанда бүгін Андрей Максименко 44 жасқа толады екен. Ол "Паллада" қару-жарақ дүкеніне осыдан 6 жыл бұрын жұмысқа орналасқан. Жергілікті билік өкілдері марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. Ә.Молдағұлова даңғылының тұрғындары бұл жерде қару-жарақ дүкенінің болғанына қарсы. Осы оқиғадан кейін тіпті балаларымызды алаңсыз ойнауға жібере алмаймыз деп отыр.
Ақтөбелік жастар лаңкестік пен қатігездікке қарсы. Бүгін шаһарымыздағы колледждердің студенттері "Паллада" дүкенінің алдына жиналды. Қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Естеріңізге сала кетейік, 5-маусым күні "Паллада" қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Оқиға салдарынан дүкеннің сатушысы мен бейбіт тұрғын және көмеке келген күзет қызметкері қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды.
Количество показов: 1818
Дата создания: 08.06.2016 18:45:04
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>