Ақтөбеліктер арасында антибиотиктерге сұраныс артты
Өз кезегінде дәріхана қызметкерлері мұндай тапшылыққа ақтөбеліктер өздері себеп болып отыр дейді. Өйткені жұрт алып-қашпа әңгімеге еріп, дәрілерді артығымен сатып алып жатқан көрінеді. Салдарынан дәрінің қоры таусылып, бәріне бірдей жетпей қалады. Кейбіреулер кең қолданыстағы дәрі-дәрмектердің бағасы аспандап кеткенін айтып жүр. Алайда, дәріхана қызметкерлері мұны жоққа шығарды. Дәрілік препараттардың бағасы өзгермейтінін облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәбит Искендиров те атап өтті. Жағдай облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жіті бақылауында. Жергілікті дәрі-дәрмек қоймаларына жүйелі түрде мониторинг жасалып жатыр. Осылайша, алдағы 2-3 күнде мәселе толығымен шешімін табады дейді,- ведомство өкілі.
Количество показов: 842
Дата создания: 23.06.2020 19:50:00