Ақтөбелік жекпе-жек шеберлері ел чемпионатында үздік үштіктен көрінді
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шараға бабы келіскен спортшылар елдің әр түкпірінен қатысты. Мықтылар бақ сынасқан жарыста 3 алтын мен 3 қоланы қанжығасына байлап, сенімді ақтаған ақтөбелік спортшыларға жаттықтырушысы дән риза. Жекпе-жектен әйелдер арасында өткен бәсекеде облыстық құрама мүшесі Карина Питецкая жүлделі үшінші орынды иеленді. Ол 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен. Айта кетейік, жалпы командалық есепте Қостанай облысының спортшылары көш бастады. Ал екінші орынды Алматы облысының құрамасы иеленді.
Количество показов: 635
Дата создания: 03.03.2021 19:22:07