Ақтөбелік жастар тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай елде "25 игі іс" жасауды ұсынады
Жастар саясатын жүргізуге былтыр біздің республикада 4 миллиард теңге жаратылған. «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін» бағдарламалары сәтті іске асырылып жатыр. 10 жылдың ішінде 11 мыңнан астам қыз-жігіт "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде білім алып келді. 200 мыңнан астам жас "Жасыл ел" жасағында еңбек етті. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 37 мың жас маман ауылдарға жол тартты. 8 мыңнан астамы "Серпін" бағдарламасының гранттарына қол жеткізді. Форум соңында ақтөбелік жастар замандастарына үндеу тастады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жыл бойы елде "Спортсыз бір күн жоқ", "25 қайырымды іс", "Экотренд", "Болашақтың 25 идеясы", "Бабалар ізімен" секілді ғылыми, экологиялық, қайырымдылық, мәдени, спорт марафондарын өткізуді ұсынды. Жастардың бұл бастамасын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қолдады.
Количество показов: 2060
Дата создания: 27.01.2016 18:15:01