Ақтөбелік шаруалардың мәселесі қаралды
Бүгін Атамекен кәсіпкерлер палатасында шаруалардың шағымы мен ұсыныстары тыңдалды. Басқосуда көтерілген ең өзекті мәселелердің бірі - жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, техника сатып алуға субсидия төлеудің кешіктірілуі, су тасқынының салдары және ауыл шаруашылығы ғимараттарының қалпына келтірілген нысандар тізіміне енгізілмеуі.Жеке кәсіпкерлер де өз тарапынан мазалап жүрген сұрақтарын қойды және сол шешілмеген мәселелерге жауап іздейтіндерін жеткізді. Оның ішінде агрокәсіп иелеріне берілетін несиеден бастап, су, жер мәселелері де көтерілді.Мәжілісмен сондай-ақ сапар барысында өңірлік кәсіпкерлермен, мектепке дейінгі білім беру саласының өкілдерімен кездесулер өткізіп, «Green Capital Kazakhstan» жылыжайы мен қорытпалар зауытын аралайды.Количество показов: 304
Дата создания: 25.07.2024 00:32:38