Ақтөбелік самбошылар Азия чемпиондары
Корея астанасы Сеулде өткен Азия чемпионатынан жерлестеріміз, самбодан бірнеше дүркін әлем чемпионы Райса Байлиева және Нұржан Бекарыстановтар алтын жүлдемен оралды. Спорттық дода маусымның 1-3 аралығында өтті. Жапония, Тайпей, Монғолия, Қырғызстан, Өзбекстан палуандары арасында ел саңлақтары ерекшеленді. Әйелдер арасында Райса Байлиева бәрінің жауырынын жер иіскеткен. Жастар арасындағы жарыста Самбо күресінен шеберлік танытқан желесіміз Нұржан Бекарыстанов топ жарды. Самбо күресінен Сеулде өткен бәсекеде 17 елден 350-ден астам палуан сынға түскен. Бірқатар елдер қаржы қолбайлау болып қатыса алмаған. Райса Байлиеваның айтуынша, ақтөбелік спортшыларға бұл сәтті жолда Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсеткен. |
Количество показов: 2417
Дата создания: 06.06.2013 18:30:35