Ақтөбелік әнші Беларусь елінде өнер көрсетті
Қазақтың мәдени мұрасы мен ұлттық өнері Белоарусь жерінде насихатталды. Гродно қаласында өткен 14-ші республикалық ұлттар мәдениеті фестиваліне ақтөбелік әнші Қуанышгүл Серікбаева да қатысып қайтқан болатын.Белоруссияның Гродно қаласында өткен фестивальға "Атамекен " халықаралық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сол елде білім алып жатқан студент жастар қатысқан. Фестиваль 36 ұлт, барлығы мыңға тарта адамның басын қосты. Мәдени шара аясында өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынған. Жергілікті әнші Қуанышгүл Серікбаева домыбарымен Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған "Мен қазақпын" "әнін орындаған.
Фестиваль кезінде Беларуссиядағы қазақ диаспорасы өкілдері ұлтымыздың мол мұрасы жайында мағлұмат беріп, өнерпаздар әннен шашу шашты. Ұлттық тағамдарға толы дастархан мерекелік шараның сәнін аша түсті. Өзге ұлт өкілдері құрт пен женттен ауыз тиіп, халқымыздың қонақжайлылық сияқты асыл қасиеттерімен таныс болды дейді Қунашгүл Серікбаева.
Количество показов: 409
Дата создания: 18.06.2024 08:07:57