Ақтөбелік көмекке мұқтаж 200 отбасыға азық-түлік пен көкөніс дорбасы таратылды
Рамазан- рақым айы. Бүгін ақтөбелік көмекке мұқтаж 200 отбасыға азық-түлік пен көкөніс дорбасы таратылды. Қалалық орталық мешіт алаңында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына мәслихат депутаттары мен қала әкімдігі, демеушілер, орталық мешіт ұжымы мұрындық болып отыр. Тізімге алынған азаматтардың отбасына қораптар үйіне дейін жеткізіліп берілді. Қасиетті Рамазан айында қолға алынған қайырымдылық іс әлі де жалғасады. Бүгінгі қайырымдылық акциясында 200 көмекке мұқтаж отбасын қамту жоспарға алынған. Әр отбасыға 20 келі болатын азық-түлік түрлері мен үлкен дорба көкөніс есептелінген. 5 литр сұйық май берілді. Көмекке мұқтаж отбасылары арасында көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұялар таңдалынып алынған. Облыстың бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, Рамазан айының соңына дейін өңірдегі барлық мешіттер қайырымдылық шараларын жасап жарысады. Қала мен аудан мешіттерінен қажет заттарын сұрағандарға қамқорлық жасалмақшы.
Айта кетелік, қазіргі карантиндік шектеулерге байланысты өңірде ораза кезінде ауыз аштыруға қатаң тыйым салынған. Ауыз бекіткен жанға ілтипат көрсетіп, мол сауап алуды ойлаған жандарға мешіттердегі садақа есебіндегі шараларға атсалысуға мүмкіндік бар. Өйткені мешіт ұжымы күнделікті ауызашар есебінде де азық-түлік үлестіру жұмыстарын қолға алған.
Количество показов: 647
Дата создания: 23.04.2021 18:22:04
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>