Ақтөбелік бишілер топ жарды
Ташкент қаласында кең көлемде "Өнерлі ұрпақ" атты фестиваль өтті. Біздің қаламыздан, оның ішінде Бауырластар ауданына қарасты Сазды мәдениет үйінен шыққан "Шабыт" би ансамблі сынға түсті. 8 - 10 жас аралығындағы 10 - нан астам бишілер фестивальде үнді, қазақ және хорезм биін билеп, әділқазы алқаларының шешімімен бас жүлдені жеңіп алды. Бүгін жеңімпаздарды жақындары күтіп алып, құттықтады.Аслия Ғалымова түрлі жарыстарда бағын сынап келеді. Ол Сазды орталығындағы №66 орта мектептің 5 - ші сынып оқушысы. Бүгін ол Ташкент қаласында үнді және қазақ биін билеп, бас жүлдемен келіп отыр. Айтуынша, болашақта биші болғысы келеді."Шабыт" би ансамблі жыл сайын жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Бұған дейін би ансамблі Алматы қаласында өткен жарыстан жүлделі орындармен оралған.Жеңімпаздарды қалалық мәдениет үйінің басшысы құттықтады. Гүл шоқтарын табыс етіп, ерекше ілтипатпен қарсы алды.Количество показов: 338
Дата создания: 19.07.2024 08:07:59