Ақтөбелік балғын хоккейшілер бақтарын Ресей командасында сынайды
Ақтөбелік балғын хоккейшілер Ресей спорт клубына қосылды. 12 және 13 жастағы Медина Кишекеева мен Арина Павловскаялар тамыз айынан бастап Новосібір облысының Бердск қаласындағы "Кристалл" командасының құрамына өткен. Медина Кишекеева үздік қорғаушы болса, Арина Павловская қақпашы. Арина әзірге Ақтөбе өңірінде балалар арасынан шыққан жалғыз хоккей қақпашысы. Медина Кишекеева мен Арина Павловская №5 қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Қос спортшы хоккейші ғана емес мәнерлер сырғанау спортының шеберлері. Жастары 12-ден енді асқан мықтылардың қарқыны қатты. Ресейлік спортты бағындыруды көздейді. Шілде айында екеуіне "Кристалл" командасынан 2020-2021 жылғы маусым ойындарына қатысуға шақырту түскен. Олар бірден келіскен.
№5 қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері маусым аяқталғанша "Кристалл" құрамында өнер көрсете береді. Арина Павловскаяның анасы Анна Лычко қызының қашықтан оқуын жалғастыра беретіндігін жеткізді. Келісімшарт аяқталған соң ғана хоккейші қыз отанына оралады. Спорт мектебінде қазіргі күні 200 бала жаттығады. Келушілердің 10-ы қыз бала. Олардың барлығы хоккей үйірмесіне жазылған. Бірақ карантин режиміне байланысты әзірге жаттығулар жүріп жатқан жоқ.
Количество показов: 742
Дата создания: 20.08.2020 18:02:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>