Ақтөбелік ардагер палуан соққыға жығылды
Ардагер палуан, әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы 55 жастағы Нұржан Қарабалинді полиция қызметкерлері соққыға жықты. Бүгін республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын өткізген оның әріптестері осылай деп мәлімдеме жасады. Басынан ауыр соққы алған Нұржан Қарабалин қазір облыстық жедел жәрдем ауруханысының жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміндегі палаталардың біріне ауыстырылған. Қарапайым адам болмаған соң шығар, ардагер палуан Нұржан Қарабалиннің соққыға жығылуы ақтөбелік спортшылардың наразылығын тудырып отыр. Әріптестері бүгін республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын өткізіп, оны полиция қызметкерлерінен таяқ жеді деп мәлімдеді. Спортшылар мұны қазір ауруханада жатқан Нұржан Қарабалиннің өз аузынан естіпті. Ал мына бейнекөріністі облыстық ІІД-і өз қызметкерлерінің кінәсіздігіне дәлел ретінде ұсынып отыр. Облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Демеу Сапаров куәгерлер берген түсініктеме мен норкологиялық сараптама қорытындысын алға тарта отырып, сол күні Нұржан Қарабалиннің орташа дәрежеде мас болғанын жеткізді. Қаладағы қонақ үйлердің бірінің алдында Нұржан Қарабалин такси жүргізушілерінің бірімен жанжалдасып қалған. Соңғысы "102" телефонына қоңырау шалып, оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жетеді. Барған бойда полиция қызметкерлері көріністі бейнетаспаға түсіріп алған. Оқиға 24-наурызда орын алды. Екі күн үйінде жатып, жағдайы ауырлаған Нұржан Қарабалин 26-наурызда облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түседі. Дәл қазір зардап шегушінің жағдайы бірқалыпты. Жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміндегі палаталардың біріне ауыстырылған. |
Количество показов: 2365
Дата создания: 01.04.2013 18:52:25