Ақтөбеге 144 жыл толды
Арайлы Ақтөбеміздің 144 жылдығына арналған ауқымды мерекелік шаралар кеше кешкісін қыза түсті. Қала тұрғындары Тұңғыш президент атындағы орталық саябақтан, сулы жасыл гүлзар аумағынан алыстамады. «Көркейе бер, ару қалам!» атты думанды бағдарламаны тамашалады. Көпшіліктің назарын аударған "Домбыра пати" қала туған күніне арналған ерекше сый болды. Елдің атын ер шығарар. Ақтөбе өңірі әйгілі лингвист, түркітанушы Құдайберген Жұбанов пен академик Сақтаған Бәйішевтерден басталатын ондаған ірі ғалымдардың, Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргеновтерден басталатын ірі мемлекет қайраткерлерінің туып өскен жері. Ахмет Жұбанов бастаған сазгерлер мен суретшілердің, өзге де өнер тарландарының атамекені. Арайлы қаламыздың тарихына үлес қосып жүрген жандар арамызда әлі де баршылық. Мейрамның басты думаны "Көркейе бер, ару қалам!» атты шара барысында жергілікті жас әншілер өнер көрсетті. Көтеріңкі көңіл күйді қалаған өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленді шығармашылық иелері. Ақтөбенің 144 жылдығына арналған ерекше сый "Домбыра пати" болды. Ұлттық аспабымызда шебер ойнай алатын жастар шын ықыластарымен атсалысты бұл шараға. Қарқынды дамыған шаһарымызда 420 мыңнан астам халық тұрады. Миллион тұрғыны бар қалаға айналуға ұмтылыс жасауда. Заман талабына сай сәулет құрылыстары бой көтеруде. Өңір картасында жаңадан «Нұр Ақтөбе» және «Батыс-2» ықшам аудандары орын тепті. Әлеуметтік - экономикалық тіршілігі жанданды. Қала тұрғындары осының барлығына куә. Думандатқан ақтөбеліктер қаламыздың түнгі келбетін де тамашалауға мүмкіндік алды. Мереке отшашумен қорытындыланды. |
Количество показов: 2316
Дата создания: 29.05.2013 18:57:25