Ақтөбедегі өзекті мәселелердің бірі- жол.
Ақтөбеде жолдың жыры бітер емес. Жуырда күрделі жөндеуден өткен жолдармен жүрудің өзі мүмкін емес. Әлеуметтік желі көлік жүргізушілерінің наразылығына толы. Себебі жол бойындағы шұрық-тесікке түсіп кетіп, темір тұлпары жиі істен шығады екен. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 200 ге жуық жол учаскелерін тексерген. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Жол сапасын қадағалаушы компания былтыр облыс төңірегінде салынып жатқан жерлерден 196 тексеру жүргізіп, 309 кемшілік тапқан. Дені құрылыстың технологиялық талаптарын сақтамайды. Әлі күнге дейін ақауды қайта түземегендер бар. Атқарылған жұмыс талапқа сай болмаған соң құзырлы мемлекеттік орган мердігерлерді сотқа да беріпті.Орталық директорының айтуынша, жол жағдайының жақсармауына тағы бір себеп- компаниялардағы маман тапшылығы. Өз ісін білетін, арнайы оқу орнын оқыған мамандар. Басым бөлігі -кәсіби емес, бірақ құрылысқа икемі барлар. Ал маман білікті болмағаннан кейін және жол техникалық талаптарға сай салынбағандықтан ұзаққа бармайды.Қала көшелерінде суағарлар жоқ. Ал сафальтты бүлдіретін де су.Количество показов: 393
Дата создания: 17.01.2024 00:25:43