"Ақ төбедегі менің қалам" байқауы қорытындыланды
Бүгін қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары арасында жарияланған "Ақ төбедегі менің қалам" байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Қазылар алқасы 115 жұмыстың ішінен ең жақсы 12-сін іріктеп алған. Ақ төбенің үстінде тұрған туған қала туралы оқушылардың ойлары - әрқилы. №2 орта мектептің оқушысы Ақмарал Әбу бір жылдары біздің қаланы мекен еткен қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованы тақырыбына арқау етіп алған. Оқушы бір ай ізденді: кітапханада кітаптарды ақтарды, Әлия мұражайының қызметкерлерімен кездесіп, құжаттарды қарады, ақылдасты. Еңбегі еш кетпеді. Бүгін оның жобасы бірінші орынға лайық деп танылды. Байқауға қатысушы ұстаздардан сабақтарда қолданылатын дидактикалық материалдар, класс сағаттарының жобасы талап етілсе, балалар шығарма мен эссе жазып, жоба-тұсаукесерлер дайындады. Мұғалімдерден түскен 27, оқушылар жолдаған 86 жұмыстың ішінен ең үздіктерін анықтау қазылар алқасына оңайға түскен жоқ. Дегенмен, қазылар алқасы "Шаңырақ" мектебінің мұғалімі Галина Смертынюк әзірлеген жобаны үздік деп шешті. Оқушылар арасында бірінші орын "Көпұлтты Ақтөбе" тақырыбындағы шығарманың авторы Ксения Обрященко мен "Ақтөбе жері- болашақтың жері" эссесін жазған Салтанат Құсайыноваға бұйырды. Ал, "Біздің жерлестеріміз - біздің мақтанышымыз" жобалар жарысында бірінші орынды №2 орта мектеп оқушысы Ақмарал Әбу мен "Шаңырақ" мектебінің шәкірті Злата Савина өзара бөлісті. |
Количество показов: 2926
Дата создания: 25.12.2012 18:57:36