Ақтөбедегі Herriot Watt университетінде дау шықты
Былтыр ғана Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында ашылған Heriot-Watt университетінің филиалы жаңа оқу жылында білім алатын алғашқы студенттерінің құжаттарын қабылдаған болатын. 300 студент оқып, соның жүзден астамы емтиханнан құлаған. Келісімшарт бойынша емтиханнан межелі балл жинамаған студент оқуды жалғастыра алмайды. Бүгін бір топ студент пен ата-ана наразылыққа шықты. Шетелдік жоғарғы оқу орны мен Ақтөбе университеті арасында меморандум бар. Сондықтан, барлығы заңды,-деп отыр ректорат. Сынақтан өте алмаған бала тегін білімнен қағылады. Бұл-келісімшартта тайға таңба басқандай көрсетілген. Әйтсе де, оқу басшылығы студенттерге ұсыныс жасаған. Ол-Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік университетіне ауысып, тегін білім алу немесе Heriot-Watt та ақылы негізде білімін жалғастыру. Бірақ екі варинатқа да ата-аналар келіскісі жоқ. Шетелдік университетте суденттер компьютерлік технология, электро инженер, мұнай бағыты мамандықтарын ағылшынша оқыған. Бір жыл бойғы білімдерін сынақта дәлелдей алмаған ақтөбеліктер енді гранттан қағылып отыр. Барлығы 107 студент естиханнан құлаған. Heriot-Watt университеті Ұлыбританияның ең байырғы техникалық оқу орындарының бірі. Халықаралық рейтингте көш ілгері тұр. Былтыр аламлмыш оқу орнының филиалы Ақтөбеден ашылған. Мұндағы мақсат— өңір жастары үшін әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы техникалық білімді қолжетімді ету. Ал енді сағы сынған студенттер болашағын қалай өзгертпек,- деп налиды ата-аналар.Количество показов: 280
Дата создания: 27.08.2024 07:53:25