Ақтөбеде "Жолдағы қабылдау" акциясы өтті
"Жолда қабылдау" акциясы аясында кез-келген қала тұрғыны өзін мазалаған сұрақтарға жауап алып, өздерінің мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция бастықтарына өз сауалдарын жолдады.Акцияның негізгі мақсаты –көлік жүргізушілерін ережені бұзбауға шақыру, жол апатының санын азайту. Жол сақшыларының айтуынша, көлік тізгініндегілер көбіне жылдамдықты шамадан асырады, қарсы бағытқа шығып кетеді, тіпті рөлге мас күйінде отыратындар да жоқ емес. Әр дұрыс жасалмаған маневр-біреудің өмірін қиюы мүмкін,-дейді полицейлер. Аталмыш акция- жергілікті тұрғындарға заң аясында көмек көрсетуге кеңес береді. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді. Бұл республикалық акция. Шара аясында жол сақшылары "Автоураган" кешенінің көмегімен рейдке шығады. Құқықбұзушыларды анықтамақ.Количество показов: 284
Дата создания: 17.05.2024 06:13:17