Ақтөбеде жол белгілерін орнату жұмыстары жалғасуда
Қалада тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Биыл осы мақсатта қалада жалпы 80 нен астам бағдаршам орнату жоспарланған. Тұрғындар бұл бастаманы қуана қабылдап жатыр. Жол белгілері көбірек болса, жол апаты азаяды деген үмітте. Қазір жаңа бағдаршамдар Дінмұхаммед Қонаев пен Кобозев көшелерінде бір қалыпты жұмыс істеп тұр. Ал Кеңес Нокин даңғылында тек бағдаршамның қоршауы ғана тұр. Толықтай аптаның соңына дейін орнатылады деген жоспар бар.Количество показов: 432
Дата создания: 23.01.2024 23:06:16