Бүгін «Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күні»
Денсаулыққа қауіпті медициналық көмектің салдарынан болатын жағымсыз жағдайлар әлемдегі өлім мен мүгедектіктің негізгі он себептің бірі болып табылады екен. Ғаламтордағы ақпараттарға сүйенсек, табысы жоғары елдерде стационарлық көмек кезінде әрбір оныншы пациент зиян шегеді. Заманына қарай әр сала, соның ішінде медицина да дамып жатыр. Емдеудің жаңа әдістері пайда болуда. Алайда, медицина төңірегінде болып жатқан келеңсіз жайттар азаяр емес. "Дәрігердің кесірінен мүгедек болды немесе көз жұмды"-деген ақпарат елімізде жиі тарайды. Оған БАҚ беттеріндегі дамылсыз жарияланымдар дәлел. Тұрғындардың пікірінше, медицина саласы мен дәрігерлердің қызметін қадағалайтын заңды күшейту керек. Тіпті дәрігерлер даярлайтын оқу орындарына қабылдауды да қатаңдатқан жөн. Қала тұрғындарының айтуынша тегін емханаға қаралып ұзаққа бармайсың. Бәрібір сені есіктен есікке шыр айналдырып, ақылы ем алуға немесе ақылы анализдер тапсыруға жібереді. Арнайы мамандарға көріну үшін бір ай бойы күтетінің тағы бар. Себебі-маман тапшы. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайынғы жарна кешіктірілсе, "Өлсең" де қарамайды,-дейді тұрғындар. Мемлекеттік емханаларға барып, квест өткенше жеке емханалардың қызметіне жүгінетіндер саны да көбейіп келеді. Бұл жолды таңдағандар жүйкең де тыныш, уақытың да үнемді,-деген пікірде.Количество показов: 417
Дата создания: 18.09.2024 08:06:59