Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы баланы іздеу жұмыстары жалғасуда
13 жастағы Кәрім Рустамұлының жоғалғанына екінші күн.Балада аутизм дерті бар. Ол ата-әжесінің үйінен шығып, белгісіз бағытқа қарай жүріп кеткен.Баланың үстінде сұр футболқа, қара іш киім мен ақ кроссовки ғана болыпты. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалса керек. Кішкентай Кәрімді іздеуге полицейлермен сарбаздар, волонтерлер, иісшіл иттер мен құтқарушылар да жұмылдырылды. Мамандар баланың баруы ықтимал деген жерлердің схемасын да әзірлеген. Әзір нәтиже жоқ. Барлығының тілегі бір-баланың аман-есен табылуы. Полицейлермен қатар, әскерилер, сондай ақ еріктілер іздестіріп жатыр. Кешелі бері еріктілер 50-ден астам көшені сүзіп шықты. Полицейлер баланы көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.
Количество показов: 351
Дата создания: 06.06.2024 03:38:35