Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне қатысты сот тыңдалымы өтті
Жұмбақ өлім. Көктемде оқу ордасының жатақханасында есінен танып, ауруханаға бара жатқан жолда мерт болды деген Бексұлтанның ісіне қатысты сот тыңдалымы басталды. Алайда процесске БАҚ өкілдері жіберілген жоқ. Айыпталушы тарап та қарсылық білдірді. Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға сыныптастарынан бөлек, мұғалімдерін де кінәлап отыр. Айтуларынша, спорт мектебінде оқушыларға әлімжеттік жасалған. Тәулік бойы балалардың басы-қасында болуға міндетті мектеп қызметкерлерінің де жазалануын талап етуде. Қан жылаған ана аталмыш мектептен екінші баласын да алып кеткен. Ал көз жұмған жасөспірім егіздің сыңары болатын. Жәбірленуші тарап істің ашық өтуін талап етуде. ексұлтан Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сыныпта оқыған. Аталған мектепке ағайынды егіздер 6-класста келіпті. Болашақ Олимпиада чемпионы боламын деген арманы бар баланың, ғұмыры қамшының сабынан да қысқа болды. Сотқа келген ата-анасы баламыз мұндай жағдайда жүргенін білсек, бір күнде қалдырмай, алып кетер едік,-деп налиды. Үкілеген үмітінен айырлған ананың түндері ұйқысыз өтуде.Количество показов: 262
Дата создания: 23.08.2024 09:32:41