Ақтөбеде жұмысшы мамандықтардың жаңа картасы әзірленіп жатыр
Мемлекет басшысы Қ.Ж Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. Аппарат отырысы барысында жұмысшы кадрларды өңірде даярлау, жаңа педогогикалық технологиялар мен сұранысқа ие дағдыларды оқыту, коллдеж түлектерін жұмысқа орналастыру және басқа да маңызды аспектілер талқыланды. Жалпы, жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар тапшылығы 4 812 адамды құрайды. Сұранысқа ие мамандар электрик, слесарь, аспаз, сондай ақ ауыл, орман, балық шаруашылығы, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ақпарат және байланыс қызметтері.Аймақта техникалық кадрларды даярлау 40 колледж базасында жүзеге асырылады, оның 21 і мемлекеттік. Мемлкеттік тапсырыс бойынша 19 202 жас білім алуда. Облыс бойынша колледж оқушыларының жалпы саны- 29 425. Бүгінде машина жасау, өңдеу және құрылыс салалары сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша 3 335 адам, білім беру саласында-1020, қызмет көрсету саласында- 856, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыруда- 805, IT- технологияда 577 адам білім алып жатыр.
Количество показов: 294
Дата создания: 11.09.2024 09:32:16