Ақтөбеде «Жұбанов көктемі-2013» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
Ақтөбенің мәдени өмірінде бүгін елеулі сәт. Өңірімізде дәстүрлі "Жұбанов көктемі" халықаралық фестивалі салтанатты түрде ашылды. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филормония сахнасында еліміздің түкпір - түкпірінен келген ұлт- аспаптар ансамбльдері және Ресей, Уфадан ат шалдырған барлығы 15 ұжым өнер көрсетуде. "Өлмейтұғын артына із қалдырған" халқымыздың біртуар азаматы, саз әлеміне теңдесі жоқ қолтаңбасын қалдырған тұлға Ахмет Жұбановтың шығармашылығы кеңінен насихатталды. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония залы көрермендерге лық толы. Автордың Абай, Төлеген Тоқтаров операсы, Құрманғазы туралы естелік маршы, Жез киік симфониялық шығармасы,Көроғлы және тағы да басқа фортепьянолық шығармалары орындалды. Өнерсүйер қауым үшін жұма нағыз жұмаққа айналды. "Жұбанов көктемі 2013" халықаралық фестивалі осымен сегізінші жыл қатарынан дәстүрлі мейрам болып отыр ақтөбеліктер үшін. Биыл шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Дидар" халықтық - фольклорлық ансамблі алғаш қатысуда. Халықаралық өнер додасы талаптарының бірі - Ахмет Жұбановтың бір шығармасын міндетті түрде орындау. Халық аспаптар ансамбльдері оған қосымша жеті шығарманы көпшілікке паш етуі керек. Ал қазылар алқасына ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева жетекшілік етуде. Башқұртстан халық әртісі Рамиль Шайзуллин, елімізге еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Қайырғали Қожанбав, Қырғызстан халық әртісі Тентимеш Мұраталиев іріктейді жеңімпаздарды. Фестиваль аясында Уфа қаласынан, Байқоңыр, Орал, Жаңаөзен, Талдықорған, Өскемен, Семейден келген шығармашылық ұжымдарымен қатар жерлестеріміз де бақ сынауда. Екі күндік фестиваль жеңімпаздардың гала концертімен аяқталады. |
Количество показов: 2358
Дата создания: 19.04.2013 20:25:48