Ақтөбеде заманауи технологиялармен жабдықталған симуляциялық орталық ашылды
Бүгін облыстық медициналық жедел жәрдем бекетінде заманауи симуляциялық орталықтың ашылу салтанаты өтті. Шетелден ғалымдар келіп, заманауи симуляцияның пайдасымен бөлісті. Мерекеге орай ақ халаттылар "Құрметті ардагер", "Өмір үшін күрес" төсбелгілерімен марапатталды.Шара соңы жедел медициналық жәрдем бригадалары арасындағы облыстық спартакиадамен жалғасты.Жедел медициналық жәрдем бригадалары арасындағы облыстық спартакиадаға 1, 2, 3, 4 ауысымдар және медициналық авиация бригадасы қатысты. Сайыста барлығы 5 команда бақ сынады. Командалар Гиппократ, импульс, қыран, медикамеды және ауа реанимациясы деп аталды. Шарт бойынша олар ситуациялық тапсырмаларды орындады. Яғни, оқыс жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсетті.Мәселен, "Гиппократ" тобында фельдшерлер бақ сынады. Олар адамның басы айналған кезде, инсульт, инфаркт жағдайларында, сондай - ақ, аяқ - қолдың ұйыған сәтінде және жол көлік оқиғасы кезінде адамдарға көрсетілетін алғашқы көмектерді орындады. Сарапшылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби шеберліктерін ортаға салды.Шара 12 маусым - медицина қызметкерлерінің күніне орайластырылған. Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.Сайыс қорытындысы бойыншаКоличество показов: 289
Дата создания: 14.06.2024 08:00:19