Ақтөбеде Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы ашылды
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо мен өңір басшысы Асхат Шахаров ресми кездесу барысында екі ел арасындағы тату көршілік қатынастар мен экономика, сауда және мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын. Бас Консулдықтың ашылу салтанатында да өңір басшысы Асхат Шахаров Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келе жатқанын жеткізді. Облыста Қытай кәсіпкерлерінің қатысуымен 70 тен астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр. Сыртқы сауда айналымы қаңтар-мамыр айлары аралығында 472 млн АҚШ долларынан асып кеткен. Экспорт 400 млн долларды құраған. Біз өз тарапымыздан жобаларды сүйемелдеуге жан-жақты көмек пен қолдау береміз. Бүгінгі кездесу біздің өзара мүддемізді жақындастыруға және дамытуға бағытталған маңызды қадам, деді өз сөзінде Қытай Халық Республикасының өкілі Чжан Сяо. Ол облыс әкімі Асхат Шахаровқа қол жеткізген барлық уағдаластықтарды іске асыру олар үшін басты міндет екенін тілге тиек етті.Количество показов: 313
Дата создания: 31.07.2024 04:38:48