Ақтөбеде теннистен халықаралық турнир өтуде
Бүгін теннистен Кірпішті ауданы спорт кешенінде халыкаралық "ITF Men's Aktobe" турнирі өтіп жатыр. Жарыс 4-17 наурыз аралығында өтеді және 15 елден ойыншылар қатысады. Түркия, Ресей, Болгария, Өзбекстан, Беларусь, Нидерландия, Сербия, Австрия, Канада, Қырғызстан, Австралия, Германия, Индия, Украина, Қазақстан елдерінен барлығы 56 ойыншылар келді. Спортшылар үшін бұл жарыс зор мүмкіндік. Олардың дәрежесі өседі. Мықтылардың рейтингі қалыптасады. Мұнда әр ұпай маңызды, дейді төрешілер. Ал жарысқа келген қарағандылық Григорий Ломакин болса, әзірге жұптық жарыста жеңдік, әрі қарай бағымызды сынаймыз. Қарсыластар да өте мықты. Бұл ойын бізге үлкен тәжірибе болады, -дейді.Әр елден жиналған спортшылар ойында бар өнерлерін ортаға салуда. Ең үздік деген теннисшілер 15 000 ақш долларын өзара бөліп алатын болады және кубоктармен марапатталады.Количество показов: 431
Дата создания: 06.03.2024 23:46:57