Ақтөбеде "Таза су айдындары" акциясы өтті
Қоқыс тастау мәдениеті бізде әлі ақсап тұр. Су жағасы тұрғындар лақтырған қоқысқа толы. Пластик ыдыстар, пакет, бөтелке, тіпті шіріп-шыбындап жатқан мал терісі де бар. Бүгін қала еріктілері, жасыл ел жасақ сарбаздары және қалалық балықшылар құтқару ұйым мүшелері су жағасын тазалады. Табиғат жанашырларының айтуынша, маусым айы басталғалы қаладан 100 тоннадай тұрмыстық қалдық пен қоқыс шығарылған. Табиғат жанашырлары бүгін де экологиямызға септігін тигізбек. "Ақтөбе" су қоймасының айналасын тазартып, 40-50 тонна қоқыс шығарамыз,-ды деп жоспарлап отыр.Азат Ізбан- Жасыл ел жасағының сарбазы. Жоғары сынып оқушысы каникулда бос жатпай, ақша табуды көздеген. Осылай ата-анама қолғабыс боламын,-деген ниетте, әрі қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартып, мол сауап жинаймын,-деп отыр. Азат тұрғындарды өаламыздың тазалығына немқұрайлы қарамауға шақырады. "Ең болмаса бүлдірмеңіз, ластамаңыз",-дейді жас табиғат жанашыры. Экология жанашырларының айтуынша, олар бір тазалаған жерлеріне бірнеше рет келеді екен. Өйткені, тұрғындар қоқыс тастап, айналаны ластауын доғарар емес. Енді су жағасына демалушылар қатары көбейеді. Рахаттанып, табиғат аясында тынығуды ұнататындар артынан бір түйір қалдық қалдырмай жинап кетсе игі болар еді. Өйткені, табиғатты аялау, айналаны таза ұстау-ортақ іс,-дейді жастар.Количество показов: 396
Дата создания: 06.06.2024 03:41:50