Ақтөбеде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы бүгін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Партияның 100 ге жуық мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Триатлон саябағын тазалауға шықты. Бұл шара дәстүрге айналмақ.Айта кетейік, партия өңіріміздің ластанған аумақтарының картасын әзірледі. Сондай-ақ, тарихи, мәдени және табиғи мұраны вандализм әрекетінен қорғауға арналған қоғамдық науқан бастады.Партиялықтар әр бейсенбі сайын осындай тазалық жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Алдын ала белгіленген учаскелерге мәслихат депутаттары, белсенділер мен бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітілді. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді.
Количество показов: 341
Дата создания: 14.06.2024 08:02:36