Ақтөбеде "Таза Қазақстан" акциясы жалғасып жатыр
Үлкенге ізет ету атадан келе жатқан құндылықтарымыздың бірі. Бүгін "Таза Қазақстан" акциясы аясында еріктілер 2 жалғызбасты қарттың ауласын қардан тазалады. Қайырымдылық іске 20 студен атсалысып, үлкендердің батасын алды. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер де мұқтаж жандардың үйін тазалап, азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Ай сайынғы дәрі-дәрмегі мен емханасына апарып-алып келуде олардың мойынында. Жалғызбасты зейнеткердің бірі Валентина МЕРКУРЬЕВА. Қарт әжейдің бұл үйде тұрып жатқанына 27 жылдан асқан. Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер әрдайым көмектесіп тұратынын айтып, ыстық лебізін білдірді.Айта кетейік аталмыш акция 8 сәуірден бастау алған болатын. Осы уақытқа дейін 100мың аула тазаланып, 260 ескерткіш қалыпқа келді.Сонымен қатар 3500ден астам ағаш отырғызылып, 290 саябақ пен сквер тазаланды.Количество показов: 478
Дата создания: 24.12.2024 05:45:42