Ақтөбеде "Тасымалдаушы" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Полицейлер қоғамдық көлік ішіндегі қоғамдық тәртіпті жасырын бақылау әдісі арқылы қадағаламақ. Шараның мақсаты-жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустардағы құқық бұзушылықты анықтау. Автобусқа мас күйінде кірсеңіз, айыппұл арқалайсыз. Көлік тізгініндегілердің де құлағына алтын сырға, рөлде отырып, телефонмен сөйлесу заңсыздық. Жолаушыларға да талап жоқ емес. Әдеп пен мәдениетті сақтау шарт, дейді тәртіп сақшылары. Автобустарда жолаушылар арасында жанжал жиі болатыны рас. Бір-бірін балағаттап, жұдырық ала жүгіретіндер де жоқ емес. Ал кей адамдар тіпті жүргізушімен де салғыласуға дайын. Бұл әрекеті өмірге қауіпті. Өйткені көлік жүргізушісін алаңдатуға болмайды. Қоғамдық көліктерде қалта ұрылары өріп жүр, дейді тәртіп сақшылары. Білдіртпей біреудің әмиянын немесе ұялы телефонын қолды қылатындар аз емес. Сондықтан жолаушы қырағы болуы тиіс."Тасымалдаушы" профилактикалық шарасы 100 ге жуық қоғамдық көлікте ұйымдастырылған. Оған 200 ге жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылып отыр.
Шара басталған екі күннің ішінде 50 ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың қатарында -қалта ұрлығы көш бастап тұр. Жүргізушілер тарапынан салонда темекі тартуға да жол жоқ. Қоғамдық көлікке мінген әр азамат білуі тиіс басты қағида-әдеп, дейді полицейлер.
Количество показов: 266
Дата создания: 13.01.2024 07:01:44