Ақтөбеде су тасқыны кезінде 8 мыңға жуық мал қырылды
Облысымызда төтенше жағдай жарияланған 5 аудан бар. Осы тұрғыда су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөнінде республикалық штаб құрылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі су басқан өңірлердегі мал өлімінің алдын алу мақсатында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру жұмыстарын ұйымдастырды.Су тасқыны салдарынан ТЖ режимі кезінде мал өлген жағдайда өтемақы жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да қаржы көздерінен төленетін болады. Тек ескеретін бір жайт, қожалықпен қатар малдың тиісті құжаттары базада енгізіліп тұруы керек дейді ,-ауыл шаруашылығы саласының маманы.Штаб әр облыста бар. Тасқыннан зардап шеккен әр қожалық иесі 1 айдың көлемінде мекен-жайы бойынша әкімшілікке барып өтінішін береді. Өтінішті қабылдағаннан кейін комиссия мүшелері 10 күннің ішінде шығынын есептеп, қожалық иесіне жауабын беруі керек. 97-24-67 нөміріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады.Количество показов: 460
Дата создания: 04.04.2024 07:37:22