Ақтөбеде су басқан үйлер сүріліп жатыр
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан апатты деп танылған үйлерді бұзу басталды. "Новостройка" бау-бақша ұжымында қираған үш үй сүрілді. Ал жер мемлекет қорына қайтарылмақ. Бұған үй иелерінің жазбаша келісімі бар,-дейді билік өкілдері. Ал құлаған үйлердің орнына жаңа пәтерлер берілуде. Айта кетейік, бағалау комиссиясының қорытындысы бойынша су тасқыны салдарынан 190 үй апатты деп танылып, 75 үйдің тұрғыны жаңа баспаналы болды. Қор арқылы пәтер сатып алу шаралары жалғасып жатыр. Ал үйлері апаттық емес тұрғындарға жөндеу үшін өтемақы төленуде,-делінген жергілікті билік таратқан хабарламада.Демонтаж жұмыстары тұрғындар үшін қауіпті. Сондықтан азаматтарды 1 ай бұрын ескерткен. Олар өздеріне қажетті дүние мүлікі мен бағалы заттарын алып кету керек. Бұзылған үйлерден құрылыс материалдарын алып жатқандар да жоқ емес.Количество показов: 317
Дата создания: 02.07.2024 02:55:30