Ақтөбеде "Шығармашылық вернисаж-2024" көрмесі ашылды
Бұл лицей түлектерінің жылдар бойғы еңбегі. Сонша уақытта не үйренгені туралы есеп беретін дипломдық жұмыстары . Талантты балалардың шығармалары бірінен бір өтіп, көздің жауын алады. Қолынан бояулары түспеген балғындар бұл жұмысқа жарты жылдай уақыттарын жұмсаған. Оқушыларға қандай тақырып төңірегінде еңбектенетіні туралы бағыт-бағдар беріледі, әрі қарай бала қандай тақырыпта сурет салады, өзі таңдайды. Мұндай жұмыстар- жоғары шығармашылық көзқарасты дамытып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті оятады,- дейді ұстаздары. Бітіруші түлектердің қорытынды жұмыс композициялары көркемсурет лицейінде алған көркемдік білімдерінің нәтижесі. Болашақ қылқалам шеберлерінің еңбектерінің арасында "Бурабай әсемдігі", "Қазақстан табиғаты", "Чемпион", "Ұмай Ана" сынды үздік шығармалар бар.Барлығы 140 түлектің жұмысы көрмеде көрсетілді. Қолөнерден жасалған жұмыстар ши тоқу өнері, киіз басу өнерлері де бар. "Шығармашылық вернисаж-2024" көрмесі Ақтөбенің 155 жылдық мерейтойына арналған. Көрме емігі жұмыс күндері қала қонақтары мен көпшілік үшін маусым айының аяғына дейін ашық.Количество показов: 368
Дата создания: 12.06.2024 09:56:09