Ақтөбеде шетелдік жұмысшыға айына 2 миллион теңгеден артық жалақы төленген
Ақтөбеде шетелдік жұмысшы айына 2 млн 600 мың теңге айлық алып отырған. Ірі мұнай компаниясы аймақтық директорының орынбасарына аталған сома кешіктірілмей төленіп тұрған. Бұл өрескел заң бұзушылыққа байланысты компанияға айыппұл салынған. Бірақ, облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова айыппұлдан бөлек, тағы да қосымша шара қолдануға тапсырма берді. Облыстағы мұнай компанияларында заң бұзушылықтар саны мұнымен тоқатамайды. Тізімнің басын "Каспий нефт ТМЕ", "Сағыз Петролеум Компани" ЖШС-рі бастап тұр. Серіктестіктер түгелдей шетелдік жұмысшыларға жағдай жасаған. Жалақыдан бөлек тұру мен тамақтануды, қоңырау шалу ақысын төлеп отырған. Еңбекақылары да отандық қызметкерлерден жоғары. Айта кетерлігі, ҚР-ның Еңбек кодексіне сай заң бұзған мұндай компанияларға салынатын айыппұл көлемі 200 мыңнан аспайды. |
Количество показов: 2334
Дата создания: 06.05.2013 18:46:34