Ақтөбеде шегірткемен күрес жалғасып жатыр
Өңір дихандары алқаптарын шегіртке басып, шаршап жүр. Әрине, шаршайды, маңдай терлерімен еккен еңбегіне зиянкестер кесірін тигізуде. Онсыз да бейнеті көп шаруа адамы үшін шегіртке уайым болды. Өйткені, биыл жәндік жылдағыдан көп. Шабындықты шегіртке отап жатыр,-деген ақпарат тарағалы жергілікті билік қарап отырған жоқ. Улаудың кемі жоқ. Тіпті ұшақпен де улап жатырмыз,-дейді мамандар.Улауға қолданып жатқан дәрінің сапасы жақсы,-дейді мамандар. Қазір Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк аудандарында бақылау күшейтілді.
Зерттеушілер егіс алқаптарына үздіксіз мониторинг жүргізіп жатыр дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Әйтсе де, бұл зиянкестердің таралу қарқыны күшті. Улағанның өзінде дәні қалып қойса, әп-сәтте көбеюі мүмкін. «Әрбір 11 жыл сайын шегірткелердің таралуының осындай шарықтау шегі болады. Биыл осындай кезең. Келесі жылы да шегіртке көп болады. Мұндай кезеңде шегірткенің таралуы он, жиырма есеге көп болады. Бір шегіртке, шамамен 100 немесе 1000 жұмыртқа сала алады», – деген еді министрлік басшысы.
Количество показов: 311
Дата создания: 06.07.2024 12:40:56