Ақтөбеде үш аусымды 4 мектеп бар.
Жергілікті билік өкілдері өңірдегі апатты мектептер мен үш аусымдық мектептер мәселесін 2025 жылға қарай шешеміз деп отыр. Шаһарымызда мұндай 4 мектеп бар. Екеуі Есет батыр тұрғын алабында орналасқан болса, қалған екеуі Алтын орда ауданындағы №63 пен №64 мектептер. Ғимарат тар, ал бала саны жыл санап артып отыр. 4000 ға жуық оқушы үшінші аусымда білім алуға мәжбүр. Мәселені шешудің жалғыз жолы тез арада жаңа мектептер тұрғызу. Ол үшін бюджеттен қырауар қаржы бөлініп отыр. Жауапты лауазымды тұлға 2025 жылға дейін өңірде 44 мектеп бой көтереді, деп уәде берді. Ауа райының сынап бағаны -22 -23 тен түсер емес. Кей жерлерде қытымыр аяз 25 градусқа дейін жетті. Әйтсе де, оқушылардың мектепке бару-бармауы желдің күшіне байланысты. Егер желдің жылдамдығы секундына екі метр болса және -29 градусты көрсетсе 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Қалалық білім бөлімі күн сайын таңғы 6 дан бастап, ауа райын бақылап отыруы тиіс.Бүгінгі жиында мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби біліктілігі де сөз болды. Педагог өз ісіне адал әрі білімді болуы тиіс. Білім беру мекемелерінде мамандық таңдауда қателесіп, адасып жүргендер де жоқ емес. Өкінішке орай, былтыр Ақтөбеде балабақша тәрбиешілерінің бүлдіршіндерге қол көтеруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі жайлы сертификаттарды сатып алу фактілері орын алған болатын.Количество показов: 356
Дата создания: 11.01.2024 23:02:24