Ақтөбеде сауда орындары азық-түлік бағасын негізсіз көтерген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттеу маңызды және әрқашан өзекті. Аталған тауар тізіміне 19 атау кіреді. Яғни нан, ұн, жұмыртқа, күріш, сүт өнімдері, ет, көкөніс және тағы басқалары.Жыл басынан тауар бағаларын бақылау барысында 6 дерек анықталып, кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар Департамент балабақшалардың азық-түлік өнімдерінің сауда үстемесі 22%-505,5%-ға дейін негізсіз көтергенін анықтаған. Осындай деректер қаламыздың тағы 19 балабақшасында орын алған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.Бүгінгі жиынның мақсаты да- құқық бұзушылықтың алдын алу және бағаның өсуіне жол бермеу. Сарапшылардың ұсынысы бойынша- ақпаратты қолдау болу керек, бақылау мен мониторингті күшейту керек. Бағаны негізсіз өсіруге жол жоқ. Еліміздегі су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын аспандатып жіберген ақтөбелік кәсіпкерлер бар. Олар жауапкершілікке тартылды.Количество показов: 331
Дата создания: 26.07.2024 04:59:41