Ақтөбеде өрттің алдын алу шаралары пысықталды
Биыл жазда аптап ыстық болуы ықтимал. Орманды алқаптарды, далалықты тілсіз жаудан сақтау керек. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Геннадий Дудаков төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында мәлімдеді. Қалаға іргелес селолық округ әкімдері өрттің алдын алуға байланысты дайындықтарын пысықтап өтті. Былтыр жазда Ақтөбе аумағындағы далалық алқаптарда өрт дерегі тіркелмеген. Осы қалыпты сақтау үшін қалалық әкімдік жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері тағы бір мәрте бас қосты. Биыл орман шаруашылығына қала бюджетінен 1 млн теңге қаражат бөлінген. Енді нақты шараларды іске асыратын кез келді дейді қала әкімі аппараты ТЖ жөніндегі бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев. Қарғалы селолық округінің әкімі Алмас Әлімбаевтың мәліметіне сүйенсек, ауылда 18 ерікті жұмылдырылмақ өрттің алдын - алу шараларына. Олар арнаулы киім - кешекпен қамтылады. Алты бірлік техника әзір. Қурайлы, Благодар, Жаңақоныс селолық округін қоса алғанда биылғы маусымда 70-тен астам ерікті өз міндеттерін атқаратын болады. Комиссия отырысында суға шомылу маусымына әзірлік барысы да пысықталды. Жиында "Судан құтқару қызметі" ММ, су қоймаларына жауапты өкілдер есеп берді. |
Количество показов: 2514
Дата создания: 06.05.2013 18:47:11