Ақтөбеде Польша мемлекетінің консулдығы ашылды
Бұл бастама екі ел арасындағы ынтымақтастықты көздейді. Білім мен мәдениеттің, ғылым мен өркениеттің дамуына жол ашады. Осы мақсатта бүгін Промзона 180 мекенжайында орналасқан ғимаратта Польша елінің консулдығы ашылды. Орталыққа жастар да келіп, Польша елінде оқудың маңыздылығы мен тиімділігі туралы ақпарат ала алады. Жаһандық дамыған заманда білім мен ғылымның, мәдениет пен өркениеттің орны ерекше. Яғни, ел дамуының басты шешімі - білім мен ғылымда. Бүгін осы тақырыптар, сондай - ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ақтөбеде Польша мемлекетінің консулдығы ашылды. Шараға Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Юзеф Тымановский арнайы келді. Ол алдағы уақытта екі ел арасында жақсы жұмыстар атқарылатынын айтты.Бұл бастама жастар үшін де тиімді. Себебі, қазақстандық жастардың көбісі Польша елінде білім алып, жұмыс жасауда. Осы орайда орталық Польша елінде білім алып, онда жұмыс жасағысы келетін азаматтарға арналған десек те болады. Яғни, Польшадағы университеттер туралы нақты ақпараттармен бөлісіп, қолдау көрсетеді. Ақтөбеде Польша мемлекетінің консулдығы алғаш рет ашылып жатыр.Количество показов: 390
Дата создания: 28.06.2024 09:29:56