Ақтөбеде отбасылық медицина кеш дамуда
Қалада отбасылық дәрігерге қаралатын тұрғындар саны өте аз. 700 мың тұрғыны бар Ақтөбеде отбасылық емхана біреу ғана. Онда 9 дәрігер жұмыс жасайды. Бұл ақ халаттылардың пайымдауынша жеткіліксіз. Сондықтан осы мәселелер облыстың емдеу-алдын алу ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен "Жалпы тәжірибе дәрігерінің міндеттері" тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда егжей-тегжейлі талқыланды. Жалпы дәрігерлік тәжирибе яғни "отбасылық медицина" Ақтөбеде кенжелеп дамып келеді. Ақ халаттылардың деректеріне сәйкес, тұрғындар басы ауырып, балтыры сыздай қалса шағын емханалардан гөрі ауруханаларға көптеп жүгінеді. Конференцияға қатысқан дәрігерлер болашақта өмірге келгеннен бастап жеке дәрігерге қаралу жүйесін қалыптастыруды жолға қою мәселесін көтерді. Мамандар тек бір ғана дәрігерге қаралу сырқаттың қалтасына да тиімді деген қорытындыға келді. Қалада қазір бір ғана отбасылық дәрігер емханасы жұмыс жасайды. Онда әзірге 9 дәрігер бар. Негізінен бір отбасылық дәрігердің қарауында 2 мың адам болуы тиіс. Дегенмен, былтырдан бері Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде отбасылық дәрігерге қажетті міндеттерді үйрететін 6 айлық курс ашылған. Ал, облыс бойынша 434 дәрігерлік бекет жұмыс жасайды. Жалпы тәжірибедегі дәрігердің қағидасы бойынша алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыруға кезең-кезеңімен Шалқар, Алға, Әйтеке би аудандары көшуде. |
Количество показов: 1915
Дата создания: 16.05.2013 19:01:25