Ақтөбеде нан қымбаттамайды
Биылғы қуаңшылықтан астық азайып, нанның бағасы шарықтап кетуі мүмкін деп даурыққан жұртшылықтың алаңдауына еш негіз жоқ. Ас атасының құны өспейді. Батыс өңірін ұн және ұн өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған "Жаңа Әлжан комбинаты" ЖШС - нің басшылығы осындай пікірде. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те осылай мәлімдеген болатын. Ол үшін үкімет Ақтөбеге 60 мың тонна астық бөлуі тиіс. Дерекке сүйенсек, республика бойынша, биыл егістіктен 14 млн тонна өнім алу жоспарда. Ал астық қоры 7 млн тоннаны құрап отыр. Облыстарға 2 млн тонна астық бөлінбек. Демек жаз бойғы аптап ыстықтың кесірін ел тұрғындары сезбей де қалуы мүмкін. Ал биыл 800 мың гектар алқапқа бидай еккен Ақтөбеде алқаптың 30 пайызы күйіп кетті. Соған қарамастан батыс аумақты ұн және ұн өнімдерімен қамтитын "Жаңа Әлжан комбинаты" сыйымдылығы 150 тонна элеваторды бидайға толтырмақ. Оның үстіне комбинат басшысы Қанат Тапаевтың айтуынша, сапасы жағынан дес бермейтін ұн өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік мол. Басқа шет елдерді былай қойғанда, Кедендік одақ аясында көршілес Ресейге өнім тасымалдау жиіледі. Биыл елімізде астықтың тоннасы 28 мың теңге деп бекітілді. |
Количество показов: 2808
Дата создания: 02.08.2012 18:44:13