Ақтөбеде ұн қымбаттады
Тамыз айы басталысымен ұн мен бидайдың бағасы өскен. Ақтөбе облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, қазір бірінші сұрыпты ұнның келісі - 58 теңге тұрады. Статист мамандар ұнның бағасының өсуіне Ресей мен Украинадағы құрғақшылық әсер етті деп отыр. Астық әлі толық жиналып болмаса да өнім өндірушілер алдын ала әрекетке көшкен сыңайлы. Ақтөбеге "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясынан" қажет көлемде астық жеткізіліп, ұн мен нан бағасы өспейді деп облыс әкімінің өзі мәлімдегені белгілі. Алайда жағдай басқаша сипат алып барады. Қазір қаладағы супермаркет желілерінде нанның бағасы бұрынғысынша. 450 грамдық бөлке нан 42-ден 65 теңгеге дейін. |
Количество показов: 4253
Дата создания: 07.08.2012 19:45:29